Ақпан айы пеш жағатын тұрғындар үшін қауіпке айналды. Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Ұзынбұлақ ауылында тағы бір қайғылы жағдай орын алды.
Аймақтағы денсаулық сақтау орынының хабарлауы бойынша, оқиға 6 ақпан күні кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Ысты газдың әсерінен жүктілігіне 7 ай болған 1980 жылғы азаматша және оның жұбайымен бірге 2004,2007 жылғы екі баласы қаза тапты.
Сонымен қатар, қаза тапқан отбасының тағы да екі баласы орта білім беретін колледжде оқиды. Қайғылы жағдай болған уақытты үйлерінде болмаған жеткіншектер, қазір бақылауда дейді Баянауыл аудандық әкімшілігі.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз күн бұрын Астанадағы жалдамалы пәтерден шыққан өрттің салдарынан 5 бүлдіршін қаза тапқан болатын. Сонымен қатар, Қарағандыда шыққан өрттен үш адам ысты газға уланып аман қалды.
Сарапшылардың сөзінше, мұның барлығы төтенше жағдай қызметкерлерінің салғырттығынан дейді. Бұдан бөлек, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев та аталған лауазымды қызметтің мамандарын жемкорлықпен айналысуы мүмкін екендігін айтқан болатын.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?