Жапон ақпарат құралдары, 22 ақпан, Жапония Симанэ аймағының Мацуе қаласында 12-ші кезекті өткізіліп жатқан, «Такешима күні» салтанатында (кореялықтар «Докто күні» деп атайды) жапондық және кореялық қоғамдық шерушілер арасында қақтығыс орын алды деп хабарлайды.
Қақтығыс екі елден шеруге қатысқандар арасындағы жанжалдан орын алған. Мацуе жергілікті үкіметі бұл қақтығыстың саяси астары жоқ деп түсіндіргенімен, соңғы кездегі Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы саяси алауыздықтың ықпалы, жекелеген азаматтардың әрекетінен көрініс беруі бек мүмкін. Қақтығыста онға жуық адам жарақат алған. Жергілікті амандық сақтаушы қызметкерлер қақтығысты дер кезінде тоқтатып, жанжалдың тудырғандарды әкімшілік жазаға тартқан.
«Докто күнінің» тарихы 1900 жылдан басталады. Сол кездегі Солтүстік Кореяның соңғы императорының №41 жарлығы бойынша Докто аралы Уллыно аралының еншісіне деп бекітіледі. Бейбіт бітімге себепкер болған бұл жарлықтың құрметіне Шығыс елдерінде «Докто» немесе «Такешима» деген аттармен атаулы күндер ретінде өткізіліп келеді.
“The Qazaq Times”