Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Аликбек Жекшенкулов Қырғызстан аумағында Ресейдің тағы бір әскери базасының ашылу, ашылмауына қатысты пікір білдірді.
«Әскери базаның ашылуы, не ашылмауы жөніндегі мәселені тікелей екі елдің басшылары және күштік құрылымдары шешеді. Бұл мәселе наурыз айында өтетін екі ел басшыларының кездесуінде талқылануы мүмкін», - деді Жекшенкулов.
Бірақ ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерге "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік тобының содырлары жіберіліп жатқандығы жөнінде ақпараттер келіп жатқандығын айтады. «Олардың Тәжікстаннан өтіп, әрі қарай біздің аумаққа бару қауіпі өсіп жатыр», - дейді ол.
Қырғызстанда Ресейдің бірнеше әскери базасы бар. Ең ірісі – Кант қаласындағы әуебаза. 2012 жылы атамлыш базаға Ыстық көлдегі әскери-теңіз базасы, Майлуу-Суудағы сейсмологиялық бекет және Чалдовардағы әскери база біріктірілген.
2018 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков «Қырғызстан үшін бір ресейлік база жетеді, екінші база ашу туралы әңгіме болған емес» деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?