АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Fox News арнасының сұхбатын қабылдаған кезде, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унның екінші реткі саммитіне дайындық жұмыстары үшін Азияға арнайы делегация аттандырғалы отырғанын мәлімдеді.
Бірінші реткі «Трамп-Ким» саммитіне ұқсас, кезекті кездесудің нақты уақыты мен орыны туралы алдын ала мәлімет берілмейтінін ескерткен Помпео, Солтүстік Корея тарабы да кездесуге дайындалып жатқанын айтқан.
«Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздандыру міндетін орындау үшін, үкіметіміз Солтүстік Кореямен белсенді жұмыс істейді. Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун бұл істі жүзеге асыруға дайын екенін айтып отыр», – деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.
Дегенмен, АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Ден Коутс сәрсенбі күні Конгреске жасаған баяндамасында, Ұлттық барлау агенттіктерінің мәліметін алға тарта отырып, Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарта алмайтынын, ядролық қаруды шектеуге қарсы әрекеттерін жалғастыра беретінін айтқан. Бұл президент Трамптың Солтүстік Кореямен диалогта үлкен жетістікке жеткені туралы мәлімдемесіне қайшы болып шықты.
Бұл туралы сөзінде Помпео: «Біздің қазіргі білуімізше, Солтүстік Корея жаппай қырып-жойғыш қаруларды сақтап қалуға тырысатыны анық, яғни ядролық қару мен оны өндіру мүмкіндіктерін толығымен тастай алмайды. Бұның себебі – Солтүстік Кореядағы билеуші жетекшілер ядролық қаруды КХДР режимінің бар болып тұруының кілті ретінде қарайды. Сондай-ақ, біз кейбір әрекеттердің толықтай ядролық қарусыздану уәдесіне сай емес екенін де байқап отырмыз. Сондықтан біз ядролық қарусыздану мәселесінде сатылы келіссөздерге мүмкіндік беріп отырмыз», – деген.
Қайталай еске сала кетейік, былтыр маусым айында Сингапурда Трамп пен Ким арасында Тарихи саммит өтті. Кездесуде КХДР басшысы ядролық қарудан бас тартып, Құрама Штаттың экономикалық демеуін қабыл алатынын айтқан. Екі ел арасындағы қарқынды диалогтар, дипломатиялық іштесуге қарамастан ядролық қарусыздан процесі алға баспай-ақ қойған еді. Бірақ, АҚШ президенті Пиоңяңмен мәміленің жақсарып келе жатқанын, аталған міндетті жүзеге асыра алатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.