Иран соңғы 40 жылда болмаған экономикалық қиындықтарға тап болды.
Иран президенті Хасан Рухани аятолла Рухолла Хоменей атындағы мешітте сөз сөйледі.
«Бүгінгі таңда біздің еліміз соңғы 40 жылда болмаған экономикалық қиындықтарға тап болды. Біз АҚШ және оның жақтастарының қысымымен бетпе-бет келдік. Бұнда Ислам жүйесі мен адал үкіметтің кінәсі жоқ. Біз бірге болсақ, бұл қиындықтан да өтеміз. АҚШ соңғы рет анти ирандық қадамдар жасау арқылы сәтсіздікке ұшырады. Аятолла Әли Хоменейдің артынан ерген бізге ешкім зиян келтіре алмайды» - деді Рухани.
2018 жылдың 6 тамызында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға салынған санкцияларды қайтадан қалпына келтіруге байланысты құжатқа қол қойған. Ақ үй әкімшілігі өзінің бұл қадамын ресми Теһранның ядролық келісімді толыққанды орындамауымен түсіндірген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?