Никол Пашинян Арменияның Еуразиялық экономикалық одақтан шығуына қарсы.
Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссия штаб пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында Армения премьер-министрі Никол Пашинян журанлистер сұрағына жауап берді.
Онда ол БАҚ өкілдерінің: «Сіз бұған дейін Еуразиялық экономикалық одаққа кіру қателік деп есептедіңіз. Бұл алдағы уақытта аталмыш шешімге қарама-қарсы қадамдар жасалады деген сөз емес пе?» - деген сұрағына: «АҚШ президенті Барак Обама өз заманында Буштың Иракқа әскер кіргізуі қателік деп есептеді және осы қателікті түзеу үшін әскерін кері шығарды. Дәл осы қарама-қарсы қадамның салдарынан «Ислам мемлекеті» пайда болды. Бүгінгі Армения Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі. Менің ойымша, халықаралық саясатта дәл қазір басқа бағытқа бұрылу жақсылыққа апармайды» - деп мәлімдеді.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды