АҚШ президенті Дональд Трамп бюджет қаржысының бекітілмеуі мен Мексикамен шекарада дуал тұрғызу туралы мәлімдеме жасамақ.
Ресми Уашингтон президенттің қашан үндеу жариялайтыны белгісіз, алайда қазір дайындалу үстінде екендігін айтты. Трамп осыған дейін 8 қаңтарда халыққа жолдау жасап, Мексикамен арадағы шекара мәселесіне қатысты 5,7 млрд долларға жуық қаржы бөлу керектігін айқан. Бірақ, Конгрестегі демократтар президенттің бұл ұсынысын қабылдаудан бас тартып, биылғы бюджет көлемі анықталған жоқ. Бекітілмеген бюджет салдарынан 22 желтоқсаннан бері АҚШ федералды билігінің жұмысы ішінара тоқтатылды. Әлі күнге дейін қос тарап өз ұстанымдарын өзгерткен жоқ. Жақын арада келісімге келуі де екіталай.
Бұл мәселеге қатысты Дональд Трамптың өзі: «Үкіметтің толығымен қашан жұмысқа кірісетіндігін айта алмаймын. Шекарада қақпа тұрғызылмайынша «шатдаун» жалғаса береді. Бұл қабырға елге заңсыз кіргісі келетіндерге тосқауыл болады. Жаһандық кеселге айналған адам саудасы мен есірткі тасымалына нүкте қояды. Қазіргі уақытта біз адам саудалаушыларды қолға түсіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Ал Мексикамен арадағы шекараға қақпа салынбайынша, осы аталған кеселдермен күресу қиынға соғады»,– деп мәлімдеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы