Ганада жергілікті футбол федерациясы мен ішкі чемпионаттағы жемқорлыққа тексеру жүргізген журналист Ахмет Хұсейн-Суалені белгісіз біреулер мотоцикл көлігімен келіп атып кеткен. Бұл туралы BBC хабарлап отыр.
Өткен жылдың жаз айында ВВС Africa Eye компаниясы Гана футбол федерациясының президенті жемқорлыққа қатысы бар деген деректі фильмді көрермен назарына ұсынған болатын. Квеси Найантакий мен федерациядағы бірнеше шенеунік және төрешілердің де есімдері аталған фильмде жария болған. Ахмет Хұсейн де бұл жобаға мұрындық болып, барлық тексерулердің сәтті өтуіне тікелей араласқан. Осыдан кейін Найантаки өмір бойғы лауазымынан айырылып, Гананың ұлттық футбол федерациясы тарап кеткен.
Осыдан сәл ертеректе, Гана парламентінің мүшесі Кеннеди Агьяпонг Хұсейннің суретін жариялып, онымен күресуге шақырған.
Енді аталған іске кімнің қатысы бар екендігі анықталу үстінде. Халықаралық сарапшылардың ойынша, жемқорлыққа тексеру жүргізген журналисттің өлімі арнайы тапсырыспен болуы әбден мүмкін.