АҚШ-тың Ресеймен арадағы зымыран келісімінен қашан шығатындығы белгілі болды.
Қаңтар айының 16-ы күні АҚШ мемлекеттік хатшысының халықаралық қауіпсіздік және қарулану бойынша орынбасары Андреа Томпсон Ресеймен арадағы зымыран келісіміне байланысты мәлімдеме жасады.
«Кеше Ресей тарапы ұсынған ұсыныстардың бір де біреуін зымыран келісімі аясында бақылауда ұстап отыру мүмкін емес. АҚШ Ресеймен арадағы щымыран келісімінен шығу процесін ақпан айының 2-і күні бастайды. Бұл шамамен жарты жыл уақыт алады» - деді Томпсон.
Естеріңізге салайық, 2018 жылдың 21 ақпан күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығатындығын мәлімдеген. Оның сөзінше, Ақ үй әкімшілігінің бұндай қадамға баруына Ресей тарапының келісімді толықтай орындамауы себеп болған.