Ресейдің ІІМ КХДР-ға байланысты президенттің жарлығымен санкцияны қатайтатын арнайы жоба ұсынды. Бұл туралы rosbalt.ru хабарлайды.
Құжатта: «Медицина саласынан басқа, Корей Халық Демократиялық Республиканың ресми өкілдерімен ғылыми-техникалық серіктестікті тоқтату керек», – делінген.
Бұған дейін, аталмыш зымырандардың сынаққа енуіне байланысты, Солтүстік Кореяның БҰҰ -ның Қауіпсіздік кеңесін көзге де ілмей жатқандығын жазған едік. Дегенмен, қазір егер БҰҰ-ның қауіпсіздік комитеті КНДР-дың ядролық бағдарламасына жатпайды деп тапса, онда ядролық ғылым, машина жасау және авитехника салаларындағы серіктестік жалғасады. Оған қоса, құжатта КНДР-ға мыс, никель, мырыш және күміс тасымалдау тыйым салынғандығы көрсетілген.
Министрліктің жұмысына Пхеньяндағы ракеталық сынақтан кейін қабылдаған Қауіпсіздік Кеңесінің қарары негіз болды. Еске сала кетейік, 12 ақпан күні КНДР «Пуккыксон-2» аталатын баллистикалық ракетасын Пхенан-Пукто провинциясында, Жапон теңізіне жақын маңда 07:55 уақытында сынақтан өткізген болатын. Ол 500 километр ұшып, суға құлаған. Бұны сәтті өткен сынақтардың қатарына жатқызды.
Алайда, 14 ақпан күні Лондон Солтүстік Кореяның елшісін аталмыш сынаққа байланысты шақырып, халықаралық қауіпсіздікті бұзып отырған бұл араңдатушылықты тоқтату керектігін айтқан болатын.
«The Qazaq Times»


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау