Қытайдың орталық қаласы Бейжіңде мектепке жасалған шабуылдан 20 оқушы жарақат алды. Бұл туралы сол елдің ақпараттық сайттары хабарлады.
Пышақпен жасалған шабуыл Бейжіңдегі Шичың шағын ауданындағы бастауыш мектебінде болған. Зардап шеккен оқушылар ауруханаға жеткізілген. Алғашқы мәліметтерде үш баланың жағдайы ауыр екені айтылады.
Жергілікті қауіпсіздік қызметкерлерінің мәліметінде, күдікті ретінде 49 жастағы Жя Мо есімді ер адамның тұтқындалғаны айтылған. Ол бұған дейін аталған мектептің шаруалық бөлімінде жұмыс істеп келген.
Қытайда соңғы жылдары мектепке шабуыл жасау әрекеті жиі қайталануда. Былтыр сәуірде Шанши қаласында мектепке жасалған шабуылдан 9 оқушы қаза болып, 12 адам жарақат алған. Кісі өлтіруші кейін өлім жазасына кесілді. Бірақ, бұл жағдайлар Қытай қоғамындағы ішкі наразылық көңіл-күйді аңғартып келеді.