Габон мемлекетіндегі республикалық гвардия сарбаздары мемлекеттік станцияны басып алған.
Euronews мәліметтері бойынша, сарбаздар ел президенті Али бен Бонго Ондимбоға қарсы қол жинаған. Бірақ, мемлекеттік станцияны күшпен басып алған сарбаздар қолға түсі. Қазіргі уақытта билік өкілдері жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Габон тұрғындары мемлекет басшысын біраз уақыт бойы елден көрмеген. Жаңа жыл қарсаңында Али Бонго халыққа деген құттықтауын Мароккодан жолдаған. Бас көтеруші әскерилер президенттің бұл қылығын құп көрмей, билік басшысын ауыстыруды талап етті. Осылайша, ел арасында «жемқор, әділетсіз басшы» атанған президентті орнынан қуып, төңкеріс жасамақ болған.
Айта кетейік, Али Бонго Габонды 2009 жылдан бері басқарып келеді. 2016 жылы өткен кезекті президент сайлауында жеңіске жеткенмен, жергілікті халық пен оппозиция өкілдері «билік жалған сайлау өткізді» деп қарсылық білдірген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы