Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Қытайға барды.

Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, қаңтар айының 7-і күні Ким Жоң Ун Қытай тарабының шақыртуы бойынша Бейжіңге құпия іссапармен барған. Ол мінген пойыз Қытай арнайы қызметінің бақылауындағы Даньдук станциясы арқылы өткен. Ким Жоң Унның бұл жолғы сапары 10 қаңтарға дейін созылады деп күтілуде.

Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ким Жоң Унмен кездесуді асыға күтетінін мәлімдеген. Осыдан кейін Ақ үй әкімшілігі кездесу өткізу аймағын қарастырып жатқандығы жөнінде ақпарат таратқан.

"The Qazaq Times"