Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып Бейбіт Атамқұлов сайланды. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.
Ведомствоның жаңа басшысын ҚР президенті әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев таныстырды. Ал осыған дейін СІМ қызметін атқарған Қайрат Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.
Айта кетейік, Бейбіт Атамқұлов 1991-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.
2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалған.
2012 жылғы қазаннан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, 2014 жылғы тамыздан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болған. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы