Еуропалық Одақ елдері Германия мен Ресей арасына салынатын «Солтүстік ағыс – 2» газ құбырының құрылысын жалғастырмау жайлы ұсыныс білдірді.
Аталған жобаны Еуропарламент өкілдері экономикалық жағдайға бағытталмаған «саяси келісім» деп атап, құрылысты тоқтату туралы арнайы қарар шығарды. Қарарда газ құбырының Украина аймағы мен осы елден газ алып отырған Еуропа елдерінің қауіпсіздігіне қауіпті екендігі жазлыған. Дауыс беру барысында бұл ұсынысқа 433 депутат қолдау білдіріп, жүзге жуығы қарсы болған. Осыған орай Германия ХДС партиясының Бас хатшысы Аннегрет Крамп-Карренбауэр «ARD» телеарнасының эфирінде құрылысты тоқтату арқылы Германия Ресейге қарсы қатаң позиция ұстануы тиіс деп мәлімдеді.
«Солтүстік ағыс – 2» құбыры Ресейде өндірілген табиғи газды Украина мен Польша жерінен айналып өтіп, Балтық теңізінің табаны арқылы Батыс Еуропаға жеткізіледі. Құны 11 млрд доллар болатын құрылыс 2019 жылы аяқталса, Еуропаға жылына 55 миллиард текше метр газ барады деп жоспарланған.
Жалпы алғанда, АҚШ, Украина және Шығыс пен Орталық Еуропа елдері құбыр құрылысының жалғасуына түбегейлі қарсы, өйткені бұл өз аумағы арқылы Ресей газының транзиті үшін салық ала алмайтын Украинаға көп көлемде зиян келтіреді. Уашингтон бұл газ құбыры алдағы он жылдықтарда Германияның Ресейге энергетикалық тәуелділігін арттырады деп санайды. Осыған дейін екі ел арасындағы «Солтүстік ағыс – 2» жобасын тоқтату арқылы Германия тарапы Ресейге қарсы қысым көрсетуді жоспарлайтынын айтқан болатын. Атап айтқанда, Ресей Украинаның үш кемесін басып алған Керчь бұғазындағы оқиғаларға байланысты «Солтүстік ағыс – 2» газ құбырына байланысты келісімді қайта қарауды ұсынды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді