Британияның Еуроодақтан шығу туралы жоспарын қолдаушы топ Лондонда шеру өткізді. Бұл туралы Daily Telegraph басылымы хабарлайды.
Еуроодақпен келісім бойынша өткен шеруге Brexit жоспарын қолдайтын мыңдаған адам қатысқан. Біріккен Корольдіктің одақ құрамынан шығуына байланысты парламентте дауыс беруге аз ғана күндер қалғандықтан, барлығы бес мыңға жуық шеруші аталған жоспардың тезірек іске асқанын және премьер-министр Тереза Мэйдің шешімін құптайтынын айтқан. Британиядағы шараға Тәуелсіздік партиясының құрамы толығымен қатысып, парламент мүшелеріне Brexit-ті қолдап дауыс берген 17 миллион адамның пікіріне құлақ асу туралы ескертілді. Шерудегі негізгі баяндамашылар қатарында Солтүстік Ирландия, Шотландия және Уэльстен келген өкілдер де бар. Демократиялық және бейбіт акция ретінде ұйымдастырылған шеруде Мэйдің шешімін жақтайтындар ғана емес, наразы топтар да бой көрсетті.
Осы аптада Британия парламентінің қауымдар палатасы Brexit жоспарын соңғы рет талқылап, шешім шығарады. Егер депутаттар қарсы дауыс берсе, Британия одақ құрамынан уағдаластықсыз шығады. Сондай-ақ жоспар қабылданбаса, Тереза Мэй отставкаға кетуі мүмкін.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді