Мәскеуде өткен ТМД елдерінің қауіпсіздік ұйымдарының басшылар отырысында Сүрия (Сирия) соғысындағы экстремистерді анықтау және олардың ТМД аумағына кіруінің алдын алу туралы талқыланды. Отырыстың тағы бір мақсаты – терроршыл топтарды қаржымен қамтамасыз етудің алдын алу шарасын талқылау болды.
Парсы ақпараты хабарлап отыр: Мәскеу отырысында ТМД Лаңкестікке қарсы тұру орталығының басшысы ДАИШ тобына қатысуға үміткер экстремистердің азаюына тоқтала келіп, ұйымдағы экстремистердің өз елдеріне қайтуға талпынып жатқанын хабарлады. Оған Сүрия мен Ирактағы террорлық ұйымдардың әлсіреп, үкіметтік және халықтық ұйымдардың нығаюы, сондай-ақ, террорлық ұйымдардың соғыс майданында арт-артынан жеңіліс табуы себеп болған.
ДАИШ ұйымына қатысқан экстремистердің өз еліне қайтуға талпыныс жасауы, Орта Азия елдеріне аса қауіпті болары анық. Орта Азиядан Сүрия соғысын қатысып жатқан экстремистер саны біршама көп. Олар өз елдеріне қайтып оралса, лаңкестік шабуыл жасау тәжірибелері мен лаңкестік идеяны ала келмек. Кезінде өз елдерінен Сүрияға аттанған әсірешілдерге көз жұма қараған елдер, ендігі жерде соның зардабын тартуы ықтимал. Орта Азия мен Кавказ елдерінен тыс, Сүрия үкіметіне қарсы ұйымдарға қолдау көрсеткен аймақты, еуропалық елдерінің бәрі де бұның зардабынан аулақ бола алмайды.
Орта Азия елдері терроризм мен экстремизмге қарсы тұру жағында Еуропадан көп артта. Экстремистік топтарға жанасу, олардың үгітін қабылдауға бейім болып саналады. Егер Сүрия майданын тастап, өз еліне қайтатын экстремистер ТМД аумағына, Орталық Азия елдеріне оралар болса, бұл елдердегі лаңкестік жағдай ауырлай түседі. Халықтың амандығы мен мемлекет орнықтылығына ауыр қатер келетін мұндай түйіндерді берік ұстау, аталған аймақтағы елдердің, Қауіпсіздік органдарының маңызды күн тәртібіне енуі тиіс. Қазақстандағы терроризмге қарсы тұру үшін Сүрияға Қазақстаннан барған экстремистерді толықтай анықтап, Қазақстан территориясына кіріп, лаңкесітк шабуылдар мен діни экстремистік топтар қалыптастыруының алдын алу шаралары керек.
“The Qazaq Times”