Украинаның Одесса облысында 62 жасқа қараған шағында Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Қадыржан Батыров қайтыс болды. Бұл ақпаратты оның туыстары жеткізді.

Олардың айтуынша, Батыров 4 желтоқсанға қараған түні, намаз оқып болған соң, төсекке жатып, сол күйі тұрмаған.

Қырғызстанда Қадыржан Батыров 2010 жылы жаппай тәртіпсіздік орнатты, ұлтараздық қақтығыс туғызды, елді сепаратизмге шақырды деген айыппен сырттай өмір бойы түрме жазасына кесілген. 2011 жылы оның барлық дүние-мүлкі тәркіленген. Жоғарғы сот шешімі бойынша, Қадыржан Батыров пен оның әйелінің 28 жылжымайтын мүлкі мемлекет қарамағына өткен.

"The Qazaq Times"