АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы шиеленісе түсті. Бүгін
ресми Уашингтон Қытайдан тасымалданатын тауарларға тарифті 25%-ға дейін арттыратынын хабарлады.
Американың сауда министрі Уилбур Росс «Bloomberg» агенттігіне берген сұхбатында қаңтарда қытайлық тауарларға қарасты тарифтер пайызының артып, «бұл елдің осы уақытқа дейінгі жасырын, Ресеймен байланыс және адам құқықтарын таптау сынды әрекеттеріне қарсы» бағытталатынын айтты. Осыған дейін Ақ үйдегі экономикалық кеңестің төрағасы Кевин Хассет «Қытайдың іс-әрекеті дүниежүзілік сауда ұйымына мүшесі болуға лайық еместігін көрсетті. Сондықтан оны мүшеліктен шығарып тастауды қарастыру керек», – деген болатын. Ал ҚХР СІМ өкілі Гэн Шуан: «ДСҰ – жан-жақты құрылым, сол себепті бұл пікір дұрыс емес деп есептейміз», – деп жауап берген.
Алдағы уақытта Қытай тарапы экономикалық жағдайға соққы болған мәселеге қатысты Америкамен маңызды кездесу өткізуге бекініп отыр. Трамп пен Ши Жиңпиңнің кездесуі Аргентинада ұйымдастырылатын үлкен жиырмалықтың саммитінде жоспарланған. Бұған қатысты Ақ үй басшысы: «Сауда соғысы мен қарама-қайшылықтарда уақытша жағдайлар болмайды. Менің ұғымымда қысқалық жоқ. Шексіздік бар. Қытай сауда текетіресінде өзара келісім орнатуға мүдделі. Жағдайдың қалай өрбитінін алда көре жатармыз», – деген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел