АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күін жасаған мәлімдемесінде, ол басқарған үкімет Ауғанстанда «сұрапыл келіссөздер» жүргізіп жатқанын, алайда, оның табысты болатынына көз жеткізе алмайтынын айтты. Трамп бұл мәлімдемесін Ауғанстандағы АҚШ қарулы күштері ұйымдастырған теле-конференция кезінде ортаға салды.
Мәлімдемеде Трамп жұртты жалт қаратқан жаңалықты да айып өтті. Ол Ауғанстандағы қарулы күштерге сол елге сапарлай баруы мүмкін екенін ескертті.
«Көптеген адам біле бермесе керек, біз Ауғанстанда өте күшті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл мүмкін тұңғыш рет болып отыр, біз ауған жерінде сұрапыл келіссөздерді жасадық. Өз уақытында біз не болатынын көретін боламыз. Біз бейбітшілікті талқыға салудамыз, уақыты жеткенде бейбітшіліктің болатын-болмайтынын да көретін боламыз», – деді Трамп.
Қазір Талибан күштері Уашингтон қолдауындағы үкімет күштеріне тоқтаусыз шабуыл жасауда. Соған қарамастан, АҚШ-тың ресми өкілі Халилзад Талибан тарабымен тікелей кездесіп келіссөз жүргізген.
Елдегі мәселенің салмақыты екенін қарамастан АҚШ президентінің сөзі екіұшты болды. «Біз қазір талқылаудамыз. Оның табысты болатын-болмайтыны белгісіз. Кім біледі – табысты болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Бір анығы біз Ауғанстанда келіссөз жасап отырмыз», – деді АҚШ президенті.