АҚШ Йемендегі қарулы қақтығыс пен журналист Жамал Хашоггидің өліміне қатысты Сауд Арабиясына қарсы санкция енгізді.
Құрама Штаттарының сенат конгресі мүшелері Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды уақытша тоқтату туралы жаңа заң жобасын ұсынды. Қатаң қаулы тізіміне барлығы он жеті адам, олардың қатарында Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас консулы, барлау қызметінің полковнигі және тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманның кеңесшісі бар. «Магниттік жаһандық заң» аясында салынған санкциялар бойынша қаржылық шектеуге ілінген адамдарға АҚШ-пен экономикалық байланыс орнатуға және шекарадан өтуге қатаң тыйым салынады.
Осыған дейін АҚШ санкциясы саудиялық тілші өлімін ұйымдастырды деп танылған он бір күдіктінің бесеуі өлім жазасына кесілетінін айтқан. Ақ үй басшысы Дональд Трамп: «Хашоггидің өлімі Сауд Арабиясының беделіне нұқсан келтірді. Сауд Арабиясының ханзадасымен хабарласқанымда, ол бұл іске еш қатысы жоқ екенін айтты. Демек, оған басқа адамдар жауапты. Тергеу ісі әлі де жалғасып жатыр. Міндетті түрде тиісті шара қолданылады. Көп ұзамай нақты ақпарата кол жеткіземіз» – деген болатын. Ал Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман журналист Жамал Хашоггидің өлімін «жантүршігерлік қылмыс» деп, тергеуден соң кінәлілердің заң алдында жауапқа тартылатынына уәде берді. Бірақ, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 23 қазанда Сауд Арабиясының билігі Хашоггиді қасақана және алдын ала жоспарлап өлтіргенін мәлімдеген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы