Катар премьер-министрінің орынбасары және қорғаныс министрі Халид ибн Мұхаммед әл-Аттийе АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен Уашингтонда кездесті. Кездесуде АҚШ-Катар арасындағы өңірлік қорғаныс ынтымақтастығын дамыту істері қолға алынған. Бұл туралы «әл-Жазира» ақпараттық агенттігі хабарлады.
АҚШ мемлекеттік департаментінің жазбаша мәлімдемесінде, екі елдің лауазымды тұлғалары кездесу барысында, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ортақ мүдделерінің бар екенін алға тарта отырып, осы бағыттарда Құрама Штат алдағы уақытта Катармен тығыз байланыста болатыны айтылған.
Кездесуде, Шығанақ ынтымақтастық кеңесінің негізінде Таяу-Шығыс одақтастығын құру туралы бастама көтерілген. Сонымен бірге, Помпео мен әл-Аттийе АҚШ-тың Катардағы әуе базасын кеңейту ісін ақылдасқан.
Халид ибн Мұхаммед әл-Аттийе АҚШ сапары кезінде Пентагон басшысы Жеймс Меттиспен де кездесіп, қорғаныс ынтымақтастығын дамыту туралы кеңесіп қайтты.
Соңғы уақытта Шығанақтың маңызды ойыншыларының бірі Катар сыртқы елдермен қарым-қатынаста белсенділік танытып, Батыс елдерімен қорғаныс ынтымақтастығын жандандыра бастады. Ал батыстық алпауыттар Катар, Кувейт, Оман, БАӘ қатарлы Шығанақтың шағын елдері арқылы аймақтағы амбициясын жүзеге асырып келеді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні