Уашингтонда санкция салынуы тиіс «Путин тізімі» жарияланды.
Тізімді ресейлік «Еркін Ресей» оппозициялық комитеті ұсынған. Құжатта бірінші кезекте Владимир Путиннің аты-жөні аталады. Сонымен қатар, 200-ден астам жеке және заңды тұлға енгізілген. Олардың қатарында Ресейдің жоғары лауазымды шенділері, кәсіпкерлер, Мәскеу бақылайтын сепаратистік құрылымдар, «Путиннің жақындары» және Кремльдің астыртын әрекеттерін жүзеге асыратын «шетелдік агенттер» бар. Оппозициялық топтың айтуынша, аталған құжат «В.Путин мен оның жандайшаптарына әділ жаза белгілеп», Ресей мен халықаралық саясаттағы өзекті мәселелер және елдің саяси әрі экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын реттеу үшін АҚШ-қа тапсырылған.
Ресей оппозициясының тәуелсіз пікір алмасу алаңына айналған «Еркін Ресей» комитеті саяси мәселелерді шешу мақсатында екі жыл қатарынан Вилбнюсте бес форум ұйымдастырған. Енді осы аптада ұйымның жауапты хатшысы Иван Тютрин, саясаткер Андрей Сидельников, Марк Фейгин бастаған топ АҚШ-тың бірнеше ведомствосында кездесу өткізбек. Бұл жолғы форум Уашиннгтонның Мәскеуге қарсы санкцияларын қатайтуы мүмкін.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті