АҚШ-тың Иран IRISL (Islamic Republic of Iran Shipping Lines) көлік компаниясына және оның еншілес e-Sail (E-Sail Shipping Company Ltd) фирмасына енгізген санкциялары күшіне енді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді.
Америка тарабының айтуынша, аталған компаниялар жаппай қырып-жою қаруын тарату бағдарламасын орындауға қатысқан.
Помпео сөзінде: «Санкциялар күшіне енді. Осыдан жарты жыл бұрын АҚШ-тың 13382-ші Жарлығының негізінде осы компанияларға қарсы санкциялар салу туралы шешімге шығардық. IRISL және E-Sail компанияларымен ынтымақтастықты орнататын үкіметтер немесе заңды, жеке тұлғалар да санкцияға ілінуі мүмкін», – деді.
Мемлекеттік хатшының пікірінше, ирандық IRISL зымыран және әскери бағдарламаларға қатысы бар бөлшектерді тасымалдаумен айналысқан.
2018 жылғы 5 қарашада АҚШ Иранға қатысты санкцияларды толық көлемде қайта қалпына келтірген болатын. Уашингтон сол жылы мамырда Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарынан (АӨҚД) шыққаннан кейін қатағһң қаулыға қол қою туралы шешімге келді. Былтыр желтоқсанда Құрама Штаттар Фордодағы уранды байыту жөніндегі Иран объектісіне қатысты санкцияларды да қалпына келтірді. Сол себепті екі ел арасындағы ядролық мәміленің болашағы бұлыңғыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті