НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Берлинде жасаған баяндамасында, аталған ұйым қазір Еуропаның қауіпсіздігі үшін аса маңызды рөл атқарып тұрғанымен, ұйымның басты тірегі Еуропалық Одаққа мүше емес елдер екенін мәлімдеді.

Столтенбергтің мәліметіне қарағанда, Британияның ЕО-дан бөлінуі, ұйым ішіндегі теңгерімдерге де үлкен өзгерістер алып келген. Қазір НАТО-ның 80 пайыз қаржысын Еуропа Одағына мүше емес елдерден келеді. Дегенмен, ол Еуропа елдерінің қорғаныс қаблетін күшейтуге деген талпынысын жоғары бағалайды. Еуропа елдерінің осы талпынысы алдағы уақытта ұйымды тіпті де қуатты ынтымақтастық етуі мүмкін.

Шын мәнісінде де, Ресейдің әскери қуатының күшеюі Еуропа елдерін алаңдатты. Әсіресе, Шығыс Еуропадағы Ресей шекарасына жақын шағын елдер егемендігіне кепіл болу үшін НАТО-ға көбірек мүдделі. Ал, бұған дейін ұйымның басты демеушісі болып келе жатқан Құрама Штаттар Трамп билігінен кейін, НАТО-ға бөлінетін қаржыны азайтатынын білдірді. Жақында ғана АҚШ-тың Еуропада тұрған бұрынғы жоғары әскери шендісі ұйым жиналысында мәлімдеме жасап, алдағы уақытта Еуропа өз қауіпсіздігіне өзі жауапты болуы керек екенін, ал, Құрама Штаттар өзінің Тынық мұхиттағы басты қарсыласынан қорғану үшін көбірек қаржы жұмсайтынын жеткізген еді.

Ал, Столтенберг кезекті мәлімдемесі арқылы, ұйымның алдағы шығындарының көбі еуропалық елдердің мойнына жүктелетінін де аңғартады. НАТО мен Ресей әскери қуатын жарыса күшейту үстінде. Тараптар қандай да бір түсіністікке ұмтылу үшін әрекет еткені байқалмайды. Керісінше, бір тараптың әскери әрекеті екінші жақтан осыған ұқсас әрекетпен жауап берілуде.

“The Qazaq Times”