Қытай басшысы Ши Жинпиң 5 қараша күні Шанхай халықаралық имппорт көрмесінде жасаған баяндамасында, импорттық тарифтерді төмендетіп, нарыққа қолжетімділікті кеңейтуге, шетелдік тауарлардың импорт көлемін арттыруға уәде берген болатын. Ол сөзінде, Қытайдың білім, байланыс және мәдениет салаларында сыртқа ашықтықты барынша жоғарлатып, зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтетінін атап көрсеткен. Алайда, оның сөзі бұдан бұрынғы саясаттарын қайталауға көбірек ұқсап кетті.

«Қытайдағы еуропалық сауда палатасы» сол елдегі жетекші еуропалық бизнес-қауымдастығы саналады. Аталмыш ұйым бір күн бұрын мәлімдеме таратып, Қытай төрағасы кезекті баяндамасында ортаға салған реформалар жұрт күткендей болмай шыққанын айтты және әрі Қытайды әлемге ашық болудың нақты шаралары мен бағдарламаларын көрсетуге шақырды.

«Қытайдағы еуропалық сауда палатасы» аталған мәлімдемеде, Қытай басшысының білім беру және медициналық қызмет саласында шетелдік инвестицияларды қысқарту туралы жобасын жоғары бағалап, Қытай-ЕО инвестициялық келісімі бойынша келіссөздерді жеделдету ойларын қуаттайтынын алға тартқан. Алайда, аталған ұйым Ши Жинпиңның «құр уәдесі жеткіліксіз» екенін айтады.

Мәлімдемеде: «Қытай үкіметі нақты шаралар мен бағдарламаларды енгізбей тұрып, реформалау уәделерін үнемі қайталап келеді. Бұл Еуропалық сауда палатасын бұндай уәделерге сенбеуге итермелейді», – делінеді. Ұйымның бағалауынша, осы кез Қытайдың нарықтық экономикаға жол ашуы үшін аса маңызды кезең деп қарайды.  Сондай-ақ, Ши Жинпиңнің сөзіндегідей Қытайдың еркін сауда аймағы кеңейту, «Қытайдың экономикалық күші мен жетілуіне қайшы келетін реформалау әдісі» деп санайды. Ұйымның пікірінше, Қытай үкіметі өз экономикасын шетелдік инвестицияларға ашатын жаңа өндірістерге көңіл бөлуі керек.

АҚШ пен Еуропа Одағы Қытайдың сауда саясатын сынға алып келеді. Олар Қытай нарықтық экономикаға қайшы сауда-экономикалық саясат ұстанады деп қарайды. Айталық, шетелдік компаниялармен отандық компанияларға теңдей мүмкіндіктер бермейді және өз компанияларын жоғары үкіметтік субсидиямен қамдап, шетелдік кәсіпорындарды шеттетеді делінеді.  Трамптың Қытайға жасаған сапарынан кейін, Қытай басшысы халықаралық форумда жоғарыдағыдай әлемге ашық болу реформасын тағы қайталаған. Алайда, қазірге дейін АҚШ, ЕО Қытаймен өздері айтқандай әділ сауда саясатына келісі алмай келеді.

“The Qazaq Times”