Камерунде террорлық топ мектепке басып кіріп, 11-17 жас аралығындағы 79 баланы және мектеп директорын қамтыған 3 қызметкерін барымталады. Жергілікті ресми мәліметтерде айтылуынша террорлық шабуылды жергілікті сепаратистік күштер жасауы мүмкін. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Қарулы топ Камеруннің ағылшын тілі көбірек қолданылатын солтүстік-батыс аймағындағы христиан мектебіне шабуыл жасаған.
Шабуылдан кейін көп өтпей, өздерін «Амба балалары» деп атаған қарулы топ әлеуметтік желіде видео жариялап, барымталанған балаларды көрсетеді. Онда балалар өз есімдері мен ата-анасының атын айтады.
Алайда, қарулы топ балаларды барымталау арқылы қандай да бір талап қоймаған және өз мақсаттары туралы түсінік те бермеген.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті