Өзбекстан Украинаға санкция салмақ.

Өзбекстан парламенті ресми Киевті әділ бәсекелестікке кедергі келтірді деп айыптап, Украинаға санкция салуға дайын екендігін мәлімдеді. Өзбекстан депутаттарінің пікірінше, ресми Киев Украинаға баратын Өзбекстан экспортына себепсіз шектеу қоюда.

Қазан айының 3-і күні Украинаның халықаралық сауда ведомствааралық комиссиясы Өзбекстаннан келетін автокөліктерге қатысты тексеру жұмыстарын бастаған. Статистика бойынша, 2015-2017 жылдары аралығында Өзбекстаннан Украинаға келген автокөліктер саны 760,7 пайызға өскен. Украина авто өндіріс компаниясы мамандарының сөзінше, Өзбекстан көлік құрастырушылары ел билігінен арнайы субсидия алу арқылы экспорт көлемін арттырып отыр.

2018 жылдың соңғы жеті айында Украинаға келетін автокөлік импорты 31 пайызға өскен. Бұл былтырғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 107,94 мың көлікке көп.

"The Qazaq Times"