Қарашада Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ Brexit келісіміне қол қоймақ.
Францияда өткен баспасөз конференциясында Ирландияның сыртқы істер министрі Саймон Ковни ЕО-дан шығу туралы келісімді құптайтынын айтты. Күні бүгінге дейін қос тарап Британия премьер-министрі Тереза Мэйдің Brexit туралы жоспарына сенім білдірген жоқ. Бірқатар сарапшылар «Біріккен Корольдік Еуроодақтан шығатын болса сөзсіз ұтылады» деп есептеді. Себебі, Ирландия мен Солтүстік Ирландия шекарасындағы мәселе мен алдағы уақытта Британияның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынасын шешу мәселесі әлі де талқыланып келеді. Осыған байланысты Ирландияның Сыртқы істер министрі Саймон Ковни: «Британияның министрлерімен кездесіп, біраз мәселелерді талқыладық. Біздің тараптың ойынша, Біріккен Корольдіктің одақ құрамынан шығу келісімі осы айда бекітілгені дұрыс болады», – деді.
Айта кетейік, келіссөздер 2017 жылдан бері жалғасып келеді. Таяуда Мэй үкіметі Brexit келісімінің толыққанды дайын екендігін айтқан. Енді Ұлыбританияның Brexit жоспары келер жылдың наурыз айында жүзеге аспақ.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді