Құрама Штаттың Әділет департаменті сейсенбі күні мәлімдеме таратып, Қытайдың барлау қызметкерлері хакерлер мен инсайдерлер арқылы жеке меншік компаниялардың компьютерлік жүйелеріне кірді, коммерциялық әуе компаниялар пайдаланатын турбина қозғалтқышының деректерін ұрлауға тырысты деп айыптады. Бұл АҚШ Әділет департаментінің қыркүйектен бері қарай үшінші рет Қытайдың Жияңсу ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлерін айыптауы.

АҚШ Әділет департаментінің мәлімдемесінде, Қытайдың Жияңсу провинциясындағы Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері Ча Роң, Чай Мың және басқалардың аты аталған. Сонымен қатар, қытайлық барлау қызметкерлері және олардың жалдаған хакерлері мен инсайдерлері бірнеше жыл бойы аса маңызды әуе компаниясының құпияларын ұрлаумен айналысқаны айтылған.

Мәлімдемеде айтылуынша, 2010 жылы қаңтардан бастап, 2015 жылы мамырға дейін, Жяңсу Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің барлау қызметкерлері мен оның хакерлер тобы Жаң Жаңгүй, Лб Чуанляң, Гау Хоңкүң, Жуаң Шяуи Ма Жычи қатарлыларды қамтыған америкалық және еуропалық коммерциялық авиакомпаниялар пайдаланатын турбоан қозғалтқышының негізгі технологиясын ұрлауға әрекет еткен. Мәліметтерге қарағанда, бұл қозғалтқышты Қытайдың Сужу қаласында орналасқан Франция мен АҚШ бірлескен компаниялары зерттеп өндірген.

Қазір Федералдық барлау агенттігі мен Әділет департаменті және Мемлекеттік департаменттері қытайлық барлау қызметкерлерінің әрекеттеріне қарсы шараларды дайындауда.

  “The Qazaq Times”