АҚШ президенті Пенсильвания штатына қарасты Питтсбург қаласындағы синагогада болған атысқа қатысты пікір білдірді.
Дональд Трамп ресми Twitter парақшасында: «Бүгінде мұндай жантүршігерлік әрі айуан әрекеттер жиілеп барады. Питтсбургтегі синагогада болған жағдай – антисемиттік шабуыл. Яғни күллі адамзатқа жасалған қастандық. Біз ешқашан осындай зұлымдыққа жол бермеуіміз керек және антесимитизмге қарсы зұлымдықты жою үшін бірлесіп әрекет етуге міндеттіміз», – деді. Сонымен қатар, Ақ үй басшысы Пенсильвания штатында орын алған оқыс оқиғаны «адамзатқа жасалған қастандық әрекет» деп айыптап, енді атыс-шабыс сынды әрекеттердің алдын-алу үшін өлім жазасы туралы заңды күшейту керектігін ескертті.
Еске сала кетейік, қаруланған бір адам еврейлер ғибадатханасына күтпеген жерден шабуыл жасаған болатын. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапуып, 6 адам түрлі деңгейде жарақаттанған. Қазіргі уақытта қылмысқа барған 46 жастағы Роберт Боуэрс ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні