Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Хашоггидің өлімінен кейін халықаралық деңгейде дипломатиялық дағдарыстың күшейіп бара жатқаны байқалады. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің «Әділет және даму» партиясының парламенттегі жиынында журналист Хашоггидің өлімі туралы өз пікірін білдірді. Ол бұл істің Сауд үкіметі алдын ала жоспарланған түрде жүзеге асырған болуы мүмкін екенін айтты.
Түрік басшысы сондай-ақ, журналистің сүйегінің қайда екенін және оны атуға кімнің бұйрық бергенін айтуды да талап еткен. Бұл мәселеде Ердоған Сауд Арабиясының королін де айыптау сөзінің астына алады. Хашоггидің мүрдесі ұзақ уақытқа дейін табылмай жатуының өзі де көп нәрседен дерек беретінін де баса айтып кеткен.
Ердоған сөз арасында Сауд патшалығының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен телефон арқылы сөйлескенін де айтты, әрі «Консулдықта болған оқиға туралы шырқыраған шындықты айтып бере аламын», –деді.
Осыдан кейін Түркия СІМ басшысы Мевлут Шавушоғлу мәлімдемесінде, Сауд Арабия тарабы Хашогги өліміне байланысты тергеу ісінде Түркиямен селбесе басталғаны мәлім болды.
Естеріңізде болса, 2 қазаннан бері Сауд Арабиясы Хашогги ісі туралы түрлі нұсқадағы жауаптар беріп келді. Ақыры 22 қазан күні ғана оның өз елшілігінде атып өлтірілгенін мойындаған болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы