Стамбұл қаласында жоғалып кеткен «The Washington Post» журналисінің денесі табылды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Стамбұл қаласында жоғалып кеткен «The Washington Post» басылымының журналисі Жамал Хашоггидің денесі Сауд Арабиясының Стамбұл қаласындағы консулдығының аумағындағы құдықтан табылған.
Естеріңізге салайық, 2 қазан күні БАҚ беттерінде «The Washington Post» басылымының журналисі Стамбұл қаласындағы Сауд Арабия консулдығына кіріп, кері шықпады» деген ақпарат тараған. Кейіннен Түркия полициясы Жамал Хашоггидің өліміне қатысы бар деген күдікпен 18 адамды қамауға алып, ел президенті Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабия корольдігінен консулдық ғимаратындағы бейнекамера жазбаларын жариялауды талап еткен.
Жамал Хашогги өзінің материалдарында Сауд Арабия билігі мен мұрагер ханзадасын жиі сынаған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?