Сауд Арабиясының үкіметі Жамал Хашоггидің өз консулдығында өлтірілгенін, әрі оны жасаған сауд арабиялық агенттер екенін мойындағаннан кейін халықаралық сын-пікірлер бұрынғыдан да үдей түсті. Еуропалық көшбасшы елдердің СІМ басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, Сауд билгіне ең қатаң айыптау жолдағандарын білдірді.
Түркиялық "Анадолы" ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда Германия, Франция және Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі Хашогги өліміне байланысты қайталай және бірлескен мәлімдеме жасап, Сауд билігінің бұл әрекетін «жабайылық» ретінде бағалаған. Мәлімдемеде: «Сауд Арабиясының елшілігінде кісі өлімінің болуы ұзақ уақыттан бері жасырылып келді. Ең өкінішті бұл күдіктің расталуы болды. Көрсетілуі мүмкін қандай да бір себептер бұл өлімнің орнын толтыра алмайды. Біз бұны ең қатаң түрде айыптайымыз», – делінген.
Үш елдің декларациясында 2 қазандағы оқиғаны толықтай анықтауды, ашық жария етуді, Сауд Арабиясының дәлелдерін толық ұсынуын талап еткен. Қазірге дейін жария болған мәліметтердің сенімділігін қайталай тексеруді талап етеді.
Сауд билігі Хашогги өлімі арқылы дипломатиялық сенімін жоғалтып алды. Кеше Сауд Арабиясының ақпарат құралдары король Салман әс-Саудтың Хашоггидің туыстарына көңіл айтқанын хабарлады. Жұмыстан босату, жазалау, қамау шаралары атқарылып жатқанымен, әлем елдерінің Сауд билігін айыптауын тоқтата алған жоқ.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы