БҰҰ Орта Шығыс бейбітшілік процесінің бақылаушысы мәлімдеме жасап, Газадағы жағдайдың барған сайын қиындап бара жатқанын, бұл алдағы уақытта үлкен дағдарысқа алып келуі мүмкін екенін айтты.
Орта Шығыс бейбітшілік процесінің арнайы координаторы Николай Младенов БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне берген мәліметінде: «Газа секторы ауыр жағдайда тұр. Онда шын мәнісінде талқандау әрекеттері болып жатыр. Ешқандайда жалған емес», – деді. Ол және Газадағы әлеуметтік жағдайдың қиындауын Израиль қысымынан келіп шыққанын атап өтті.
Газадағы әлеуметтік жағдайдың қиындауы мен сұрапыл қақтығыс алдында тұрған аймақтағы тұрғындардың қауіпсіздігі туралы ескерту жасаған Николай Младенов Қауіпсіздік кеңесінен мәселені тез арада шешуге кірісуін сұрады.
БҰҰ-ға ұсынған мәліметте Младенов Газа тұрғындарының 53 пайызы, ал тұтас Палестинадағы жұмысқа жарамды жастардың 70 пайызы жұмыссыз екенін, бұл Палестиналықтардың әр екі адамның бірі кедейлікте өмір сүріп жатқанын түсіндіретінін айтып өтті.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес