АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери қолбасшысы Кадагарындағы жергілікті әскери лауазымдылармен кездесуге барған кезде Талибан қарулы күштері шабуыл жасаған. Шабуылда Кандагар полициясының бастығы Абдулла Разихты қамтыған үш аға офицері қаза тапқан.   Бұл туралы VOA ақпараттық қызметі хабарлады.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметіне қарағанда  Ауғанстандағы АҚШ-тың генералы Скотт Миллер Кандагар губернаторы және өзге де ресми лауазымды тұлғалармен кездесуге барған. Кездесушілер тікұшаққа отыру кезінде қарулы шабуыл болған. Хабарда және Скотт Миллердің жарақат алмағаны айтылады.

Абдулла Разих осыдан бұрын да бірнеше рет Талибанның шабуыл қарауылына ілініп, аман қалған болатын. Алайда, кезекті шабуылда Кандагардың губернаторы және Барлау бөлімінің директорымен бірге қаза болған.  Қаза болғандар арасында бір оператор да бар. Ал, АҚШ-тың үш жауынгері жарақат алған.

Абдулла Разихтың өлімін тараптар Ауғанстанда Талибанға қарсы күрестің үлкен шығыны деп бағалаған. 2011 жылы Разик Кандагардағы полицияның басшысы болып тағайындалған. Әрі ол онда Талибанға қарсы күресте аты шыққан аға офицер ретінде белгілі. 2014 жылы The New York Times басылымы оны «Талибан мен жауларының қорқынышы» деп атап, көлемді мақала жариялаған еді.

Талибан ұйымы осыдан кейін арнайы мәлімдеме жасап, қарулы шабуылды өз мойынына алды және шабуылдың Абдулла Разик пен Скотт Миллерге бағытталғанын айтты.

АҚШ қарулы күштері жасаған мәлімдемеде, жарақат алғандардың жағдайы бірқалыпты екенін, ал шабуыл жасаушылардың өлтірілгені айтылды.

Бүгін таңертең АҚШ мемлекеттік хатшысы осыған байланысты мәлімдеме жасап, АҚШ үкіметінің Ауғанстан халқы мен үкіметін қорғау үшін ондағы міндеттеріне табанды болатынын қайталады.

 “The Qazaq Times”