Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев Брюссельде өткіп жатқан «Азия-Еуропа» форумы аясында Франция президенті Эммануэль Макронмен кездескен. Кездесу барысында қос тарап екіжақтық қарым-қатынас мәселелері мен аймақтық және халықаралық проблемалар жөнінде пікір алмасқан.
Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбев аталмыш кездесуден кейін Қазақстан мен Франция арасындағы байданыс жаңа деңгейге көтерілетініне сенетінін және екі ел арасындағы тауар айналымы 5 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін екендігін айтқан.
Ал Эммануэль Макрон өзінің Франция президенті болып қызметке кіріскелі бері Назарбаевпен алғаш рет кездесіп отырғанын, Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық келісімге қол қойылғанына биыл 10 жыл толғанын тілге тиек еткен.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?