Еуропа Статистикалық орталығы жариялаған мәліметке қарағанда, Еуропаның 112,9 млн азаматы кедейліктің аз-ақ алдында тұр. Бұл сан тұтас ЕО-ға мүше елдер халқының 22,5 пайызын ұстайды. Бұл туралы The New European хабарлады.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, кедейлікке жақын өмір сүріп жатқан 112,9 млн адам ЕО-ға мүше елдердің 21,6 пайыз ерлерін, 23,3 пайыз әйелдерін қамтиды.
2017 жылғы көрсеткішке сәйкес, Болгария халқының 38,9 пайызы, Румынияның 35,7 пайыз халқы, Грекияның 34,8 пайыз азаматына кедейлік қауіпі төніп тұр.
Азаматтарының әл-ауқаты біршама жоғары елдердің көшін Чехия бастап тұр. Кедейлік қауіпі төнген Чехия азаматтары жалпы ел халқының 12,2 пайызын ғана иелеген. Бұдан кейінгі орындарда 15,7 пайызбен Финляндия, 16,3 пайызбен Словакия,17 пайызбен Голландия елдері тұр.
Мәліметтерге қарағанда Еуропалық Одаққа мүше елдер тұрғындарының әлеуметтік жағдайы 2008-2017 жылдар аралығында төмендей түскені байқалған.