АҚШ президенті тағы да әурешіліктерге жолықты. Бұл жолы оның өзі іріктеген командасынан шу шықты. Ақүйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майкл Флиннге БАҚ және саяси қарсыластары жағынан «Ресей елшісі  Сергей Кислякпен АҚШ құпиялығы туралы талқылады» деген наразылық түсуде. Бұл туралы қытайлық «Шинлаң» ақпараттық орталығының ресми сайты хабарлайды.

Қаңтар айының ортасында, «Washington Post» басылымы, Флинн өткен жылдың желтоқсан айындағы екі күнде, Ресей елшісі Сергей Кислякпен телефонда сөйлескені туралы жазған болатын. Олардың телефонда тілдескен уақытын өткен жылдың 28 желтоқсаны деп көрсеткен. Ол кезде Трамптың Президент болатыны белгілі болғанымен, әлі де өз тағына жайғаспаған кезі.

Майкл Флинн. Фото: The Star Online

Филлдың 28 желтоқсандағы Ресей елшісімен сөйлесуі аса сырлы. Себебі, сол кездегі президент Барак Обама Ресейдің АҚШ президент сайлауына араласқаны үшін, Ресейге санкция жариялап жатқан еді. «Ресейшіл» Трамп командасының мүшесі ретінде Филлдің Кислякпен санкция тақырыбын талқылады ма, жоқ – АҚШ-тың басты назар аударған ісі осы еді. Трамп командасы және Филлдің өзі де санкция тақырыбын талқылауды теріске шығарды.

Алайда 9 ақпан күні «Washington Post» басылымы қызметтегі және қызметтен босаған 9 шенеунікке аттарын атай отырып, Флинн 28 желтоқсандағы Ресей елшісімен тілдесу барысында санкция мәселесі талқыланғанын айтып бергенін жазды. Әрі, Трамп билігінен кейін Ресейге жасалған санкциялардың біртіндеп алынып тасталатынын аңғартты. Бұрынғы Обама үкіметінің қызметкерлері бұны заңсыз астасу деп бағалап отыр. Олардың көрсететін себебі, АҚШ заңы бойынша жекелеген азаматтардың шетелдермен рұхсатсыз келіссөздер мен байланысына жол берілмеген.

«Washington Post» басылымы Флинн мен Кисляктың санкцияны талқылау тақырыбынан бұрын, Трамп командасы Флиннің платформасы үшін, вице-президент Майк Пенсті қамтыған, Ақүй бас аппаратының меңгерушісі Рейнс Пибос және Ақүйдің ресми өкілі Шон Спайсер қатарлылардың барлығын ашып көрсетті. Бренс өткен айдағы телеарнаға берген сұхбатында  «Флинн Кислякпен телефонда сөйлескенде ешқандайда санкция әңгімесі талқыланған жоқ» деп кесеткен еді.

Флинн 8 ақпан ақпарат құралдарының сұхбатын қабылдағанда да санкция туралы талқыны жоққа шығарған. Алайда, оның өкілі 9 ақпанда сөзінің өңін өзгертіп, Флиннің телефондағы тілдесудің нақты барысы есінде жоқ, санкция тақырыбы айтылғаны туралы кесіп айта алмайды деді. Демократтар жағы Трамптан Флинн мәселесінің ізін суытпай тұрып, оның өкілеттілігін тоқтатуды, тіпті, жұмыстан босатуды сұрады. Бұған қоса Республикашылдар партиясы да наразылық білдірді. Олар Трамп пен Бренстың анық қадамдар жасауын талап етті.

Доналд Трамп 10 ақпанда: «Мен Филл мен Кисляк арасында санкция мәселесінің талқыланғаны туралы мәлімет тапсырып алмадым. Алда бұл мәселені қадағалауға алатын боламыз», – деді. Флиннің қазір аса қиын жағдайда екені анық. Бірақ, Трамптың кейбір команда мүшелерінің айтысына қарағанда, бұл кез әсте Флиннді жұмыстан босататын кез емес екен. Олардың пікірінше, Трамп қазір Флиннді жұмыстан босатар болса, оның қызметіне лайықты адам табыла қоймайды, бұл Трамп командасының ішкі әлсіздігіне әкеліп соқпақ.

Трамп командасы шынында оның «артқы ауласы» іспетті. Егер оның «артқы ауласы» бекем болмағанда оның өз саясатын табанды жалғастыруы мүмкін болмайды. Демократтар мен Республикашылдар партияларының қарсылығына қарамастан Флиннді жұмысынан босатпаса Трамптың өзі де ырықсыз күйде қалары анық. Ал, соңғы мәліметтерге сүйенсек Майкл Флинн өз  еркімен жұмыстан кетуге өтініш білдірген. Бұл Трамптың шешім қабылдауына көмектесуі мүмкін. Алайда, Трамптың "артқы ауласы" қаусап қалмақ.

 “The Qazaq Times”