Украинада «Ашық аспан-2018» әскери оқу-жаттығулары басталды. Жаттығуға Украина қарулы күштерінен тыс НАТО-ға мүше елдер де қатысқан. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Украина Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялап, құрлық, әуе және теңіз күштерін қамтитын әскери жаттығу елдің батысы мен орталық аймақтарында өтетінін, 10 күнге созылатын жаттығу 19 қазан күні аяқталатынын хабарлады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаттығуға АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Дания, Эстония, Нидерланды және Польша елдерінің қарулы күштері де қатысқан.
Әуе жаттығуларында Украина әуе күштері мен НАТО және АҚШ әуе күштері арасындағы түсіністікті арттыру мақсатында жағалаулардағы ұшып қону, әуе операцияларын бірге орындау, басқаруды үйлестіру жаттығулары жасалған.
АҚШ және НАТО-ның өзге де мүшелерімен өткізген бұл жаттығу Мәскеу тарабының наразылығын қозғаған болатын.