Түркия бұдан былай Халықаралық валюта қорынан несие алмайды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде болып жатқан экономикалық қиындықтарға қатысты пікір білдірді. Ол өз сөзінде: «Түркия Халықаралық валюта қорының несиесіне немесе қандай да бір технологиялық көмектеріне мұқтаж емес. Түркия бұдан былай ХВҚ несие алмайды» - деп мәлімдеді.

Ел арасында Халықаралық валюта қорынан несие алуға байланысты талқылаулар түрік лирасының құнсыздануынан кейін басталған. Қазіргі уақытта АҚШ-пен арада болып жатқан сауда соғысы салдарынан Түркия ұлттық валютасы күн өткен сайын құнсыздануда.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Режеп Тайып Ердоған Түркия халқын АҚШ долларынан бас тартуға шақырған. Кейіннен ондаған түркиялық Ердоғанның үндеуін қолдап, көпшілік алдында долларларды өртеген.

"The Qazaq Times"