АҚШ елшілігі Тәжікстанға шекарадағы есірткі тасымалының алдын алу үшін және терроризммен күресу мақсатында құны 8 миллион доллар болатын әскери жабдықтар берді.
АҚШ елшілігінің Душанбедегі қызметкері Кевин Коверт Тәжікстандағы қауіпсіздік Орталық Азиядағы тұрақтылықтың кепілі деп атап өтті. «Тәжікстанға берілген әскери техникалардың құны 8 млн доллардан асады. Біз әрқашан Тәжікстанға қауіпсіздікті сақтау үшін, Ауғанстанмен шекараны нығайту үшін қолдау білдіреміз», - деді ол.
Кевин Коверттің сөздерінше, Вашингтон жыл сайын Тәжікстанға 70 млн доллар көлемінде қайтарымсыз көмек көрсетеді.
Тәжікстан билігі АҚШ тарапынан жасалынатын әскери көмектің маңызды екенін айтады. ТР ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов мұндай ынтымақтастық халықаралық терроризммен күресте нәтижесін береді, қауіпсіздікті нығайтуға көмектеседі дейді.
Ауғанстанның солтүстік провинциясында "Ислам мемлекеті", "Тәлибан" секілді террористік ұйымдардың ошағы орналасқан.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды