11 ақпан, Оңтүстік Корея астанасы Сеулде, Пак Кын Хенің жақтаушылары алаңда АҚШ туын көтеріп ереуілге шығып, президентті кемсіту ісіне наразылық білдірді. Sina.Net ақпараттық қызметінің ресми сайты хабарлайды.

Фото: slide.news.sina.
Сеул алаңына ереуілге шыққан Пак Кын Хенің сенімді қолдаушыларының басым көбі, оның әкесі Пак Чон Хидың замандастары екені байқалады.

Фото: slide.news.sina.
Естеріңізде болса, Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе ханым туралы жанжал, өткен жылдың қазан айынан бері туылып келеді. Әуелде оның тақтан кетуін талап еткен ереуілшілер Сеул алаңын босатпап еді.

Фото: slide.news.sina.
Президент отставкасын өтінген ереуілшілер талабымен президенттің өкілеттілігі Конституциялық соттың шешіміне жіберілген. Алайда Конституциялық сот шешімі Пак ханымды қолдаушылар жағынан наразылыққа ұласты. Олар сот шешіміне қарсы ереуіл жасап келеді.

Фото: slide.news.sina.
Бұл жолы олар Сеул алаңына АҚШ туын көтере келіп, президенттерін қорлауға жол бермейтіндігін дәлелдеді. Қолдаушылардың басым көбі Пак Кын Хенің әкесі Пак Чон Хидың замандастары.

Фото: slide.news.sina.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі