НАТО-ның бас хатшысы Столтенберг мәлімдемесінде, ұйым Грузияның мүшелігін қолдайтынын, НАТО-ның құшағы Грузинге ашық екенін айтты. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Аталған мәлімдеме, Бельгияның орталық қаласы Брюссельде НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері жиналысы аясында өткізілген НАТО-Грузия ортақ комиссиясының сессиясында жарияланды.
Ол сөзінде НАТО-ның Ауғанстан миссиясындағы Грузияның маңызды орнын атап өтті және алдағы уақытта ұйымның маңызды одақтасының бірі болатынын айтты.
Йенс Столтенбергтің айтуынша, ұйым алдағы уақытта екі жақты ынтымақтастықты, қорғаныс жоспарларын қалай үйлестіру істерін қолға алған.
Грузияның НАТО-ға мүшелігі шілде айы кезіндегі НАТО отырыстарында да күшті қолдауға ие болған болатын. Алайда, бұл Ресейдің қатты алаңдаушылығын туғызары анық.