Өзбекстанның Ферғана облысы, Кувасай қаласындағы «Кувасайцемент» зауытында жұмысшылар ереуілге шықты.
Asiaterra.info интернет басылымының мәліметінше, "Кувасайцемент" жұмысшылары жаппай қысқартуларға қарсы наразылық акциясын ұйымдастырған.
Жұмыс уақыты басталар алдында, таңғы сағат 7-де жұмысшылар мінген автобус зауыт қақпасының алдына тоқтап, кәсіподақ комитетіне бет алған. Ондағы жұмысшылар әкімшілік пікірін тыңдамайынша, жұмысқа шықпайтындарын білдірген.
Осыдан кейін оқиға орнына Кувасай қаласы әкімі милиция жасағымен келген. Зауыттың техникалық директоры одан жұмысшылар толқуын басуды талап еткен. Зауыт Қырғызстанмен шекаралас аймақта орналасқандықтан, бұл жер ерекше бақылауға алынған.
Жарты сағаттан кейін зауыттың бас директоры Юрий Старыгин мен орынбасары Серік Уканов келген. Кувасай әкімі зауыт басшыларымен және жұмысшылармен сөйлесіп, кикілжіңді шешуге көмектесуге уәде берген. Осыдан кейін жұмысшылар тарқаған.
Зауытта жалпы саны 1600-ден астам адам жұмыс істейді. Бұған дейін зауыт басшылығы 2018-2019 жылдар аралығында 500 адамды қысқартамыз деген ескерту жасаған.
Зауытты Алматыда орналасқан "Қазақстан цемент компаниясы" ЖШС басқарады. Соңғы бес жыл ішінде "Кувасайцементте" 15 бас директор ауысқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?