Армения премьер-министрі Никол Пашиньян парламенттегі мерзімінен тыс сайлау үшін өзінің орнын босатуға ниетті. Бұл туралы ол парламент ғимаратында өткен қарсылық науқаны кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды ТАСС.
Саясаткер отставкаға кететін нақты уақытын кейінірек хабарлайтынын айтты. Ол өзінің осы қадамының мерзімінен тыс прламенттік сайлау өткізу үшін өте қажет екендігімен түсіндірген. «Мен осындай кезеңде халық жаңа премьер тағайындауға жол бермейді деп ойлаймын», - деген ол, отставкаға кеткеннен кейін өзінің үкімет басшысының міндеттерін орындайтынын да айтқан. Бұдан бұрын белгілі болғандай, Армениядағы мерзімінен тыс сайлаудың желтоқсан айында өтетінін хабарлаған еді.
Кеше, 2 қазан күні Арменияның Ұлттық жиыны премьер-министр отставкаға кеткен жағдайда да парламенттің жұмысын жалғастыруына мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдаған. Сонымен қатар, осы күні кешкісін жүздеген адам парламент ғимаратында қарсылық акциясын өткізді. Қарсылыққа шығушылар депутаттар мен журналистер отырған ғимараттың барлық есіктерін жауып тастаған. Еске салайық, үстіміздегі жылдың 8 мамырында Арменияның Ұлттық жиыны Никол Пашиньянды премьер-министр етіп сайлаған болатын. Бұл сайлау елдің бұрынғы президенті, премьер-министр Сержа Саргсянның отставкаға кетуіне байланысты өткізілген еді.