Индонезия президенті Жоко Видодо мәлімдеме жасап, апартқа ұшыраған Орталық Сулоэзиге шетелдерден шұғыл гуманитарлық көмек керек екенін мәлімдеді. Паулу қаласына жақын Сулоэзи аралында жұма күні күшті жер сілкінісі мен цунамиден мыңнан астам адам қаза болған еді. Бұл туралы WSJ басылымы хабарлады.
Табиғи апат болған аймақтағы тұрғындар азық-түлік, су, медициналық жәрдем, уақыттық баспаналар және отынға мұқтаж. Көмек көрсетуге ниетті елдердің үкіметтері мен халықаралық көмек көрсетуші ұйымдар Индонезия президентінің ұсынысы бойынша көмек көрсетуге дайын екендіктерін де жеткізді.
Индонезия үкіметінің жексенбі күні таратқан ресми мәлімдемесінде, табиғи апаттан қаза болғандар санын 832 адам деп көрсеткен еді. 7,5 баллдық жер сілкінісі күшті теңіз толқынын тудырып, Палу мен Донгара қалаларын су басқан. Құтқарушылар апат орын алған алыс аймақтарға жете алмағандықтан, қаза болғандар саны мыңнан асып кеткені де айтылуда.
Индонезияның президенті Видодо жексенбі күні апатты аймақтарды аралаған кезде, көз алдағы басты қиыншылық зілзалада қираған құрлыстар мен құлаған тастарды тазарту үшін ауыр техникаларды жеткізу екенін айтқан. Индонезияның Инвестицияларды үйлестіру комитетінің төрағасы Томас Ланбан дүйсенбі күні ел президентінен апатқа қарсы күрес үшін шетелдік көмектерді жұмылдыру міндетін тапсырып алғанын мәлімдеген.
Индонезия қаржы министрі Сри Мулиани Индаруати дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде, жаратылыстық апаттан зардап шеккен оңтүстік-шығыс аймаққа 38 млн АҚШ доллары көлеміндегі көмек қаражатының босатылғанын айтқан.
Ел президентінің шетелден көмек сұрауынан бұрын ЕО тарабы 1,7 миллион АҚШ доллары көлеміндегі алғашқы шұғыл гуманитарлық көмек қаржысын бөлген болатын. Бұдан тыс Құрама Штат та алғашқылардың бірі болып әлеуметтік көмек көрсететінін жеткізген.