АҚШ-тың жоғары лауазымдыларының бірі жексенбі күні БАҚ-қа берген мәліметінде, Қытай үкіметі АҚШ қорғаныс министрі Жеймс Мэттиспен келіссөз өткізуден бас тартқанын айтты. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлаған болатын.
Өзінің лауазымы мен аты-жөнін білдіргісі келмеген АҚШ-тың Қытай ісіне байланысты лауазымдысының айтуынша, қазірге дейін тараптар келіссөзді басқа уақытқа орналастыру туралы қандай да бір келісімге де келмеген.
Бұл туралы өз сараптамасында The New York Times басылымы: «Қытайдың бұл келіссөзден бас тартуы АҚШ-Қытай арасында көптеген мәселелерде қайшылық өршіп тұрғанын түсіндіреді. Айталық, Құрама Штаттың Тайваньға қару-жарақ сатып беретіні, Оңтүстік Қытай теңізі мен оның маңындағы теңіз айдындарындағы әскери қадамдарда екі ел арасында қайшылық тым терең күйде қалып отыр», – деп жазды.
Қытай лауазымдылары болса, екі ел арасында өткен апталардағы қайшылық салдарынан кезекті қауіпсіздік жөніндегі келіссөз күшін жойған. Қазір АҚШ-Қытай арасында сауда соғысы да өршіп тұр. Екі ел тарифтер арқылы жауаптасып жатқанына жарты жылға жуықтады. Дегенмен, Қытай СІМ басшысы Уаң Ий болса, АҚШ-Қытай сауда қақтығысынан алаңдаудың керек жоқ екенін айтады.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді