Еуроодақ жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін Индонезияға 1,5 млн еуро бөлді, - деп хабарлайды DW Еуроодақтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
ЕО бөлген қаржы тұрғындардың «қатты зардап шеккен» тобын дәрі-дәрмек пен азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады, - деп мәлімдеген Еуроодақтың дағдарысқа қарсы шаралар мен гуманитарлық көмек жөніндегі комиссары Христос Стилианидис. Одан бөлек, Еурокомиссия зардап шеккен аймаққа гуманитарлық мәселе жөніндегі мамандар жіберуге ниетті.
Еске салайық, 28 қыркүйек күні Индонезияда 7,5 баллдық жойқын жер сілкінісі орын алған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, апат құрбандарының саны 832 адамға жеткен, сонымен қатар, 500-ден астам адам жарақат алған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?