Біріккен Штаттар Сүрия Араб Республикасына экономикалық қатаң санкция салатынын айтып, ескерту жасады. Бұл туралы АҚШ-тың Сүрия жөніндегі арнайы өкілі Джеймс Джеффери Рейтер агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды lanouvellerepublique.fr.
Арнайы өкіл АҚШ-тың Сүрияға салуды ойластырған санкциясының Иран үлгісінде жоспарланғанын да атап өтті. Оның сөзінше, егер Шам (Дамаск) билігі елдің жаңа конституциясымен жұмыс істемейтін болса, Уашингтон экономикалық қысымды күшейтеді. «Егер Сүрия режимі осылай істемейтін болса, онда біз 2015 жылға дейін Иранға қарсы қандай саясат ұстансақ, дәл солай әрекет етуге құқылымыз деп есептейміз. Біз бұны Еуропа одағы арқылы жасаймыз. Біз бұны біздің азиялық одақтастарымыз арқылы істейміз», - деген Д.Джеффери тіпті БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің өзі Біріккен Штаттарды осы ойынан қайтара алмайтынын айтты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел